Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 KO) Дмитрий Биволмен (20-0, 11 КО) реванш өткізуге қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды "Чемпионат".
Қарсыластар мамырда жекпе-жек өткізген еді. Сол кезде Бивол жеңіл салмақтағы WBA белбеуінің иегері дәрежесінде төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Ал 5 қарашада ресейлік Хильберто Рамиреспен (44-0, 30 KO) жекпе-жек өткізеді.
"Бивол Рамиреспен күресу керек. Рамирестің жеңгенін қалаймын, оған жеңіс тілеймін, бірақ қалай болатынын көрейік. Биволмен Реванш? Бұл жекпе-жекті ешқандай қиындықсыз жеңе аламын", - деді Альварес.
Айта кетейік, "Канело" Биволмен реванштың орнына 18 қыркүйекте Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) үшінші жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!