Ақтөбеде ана мен баланың өліміне қатысты күдікті ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметі мәліметінше, күдіктіге "қамауда ұстау" туралы бұлтартпау түріндегі шара қабылданған. Екі айға санкция беріліп, ол 31 мамырға дейін жалғасады.
Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру" бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, 29 наурызда сағат 05:30 шамасында 102 телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен екі мәйіт табылғаны хабарланған болатын.
Келген жедел-тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйел мен 16 жастағы ұлының зорлықпен өлім белгілері бар денелерін тапты. Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
Кейінірек Ақтөбедегі ана мен баланың өліміне қатысты жаңа ақпарат шықты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!