- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қандай тамақ арықтауға...
Қандай тамақ арықтауға көмектеседі? Диетолог түсіндірді
Көже (суп-еск.) калорий аз тұтынуға себеп болады. Бұл туралы URA.RU тілшісіне диетолог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Михаил Гинзбург айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Кез келген азық-түлікті тұтынбай-ақ өмір сүруге болады, бірақ жақсы өмір сүруге ықпал ететін тағам түрлері бар. Мысалы, көжені соның қатарына жатқызуға болады. Көжеде екінші тағамдарға қарағанда калория аз. Бірақ тойымды. Адам көжені ішсе тамақтану калориясы азаяды", - дейді Михаил Гинзбург.
Дәрігер көже асқазан-ішек жолында проблемасы бар адамдарға пайдалы екенін атап өтті.
С. Сатыбалдина"Адам ағзасына тамақпен бірге сұйықтық түскені жақсы. Көптеген гастроэнтеролог пен диетолог тамақтан кейін су ішуді ұсынады. Ал көжеден кейін су ішудің қажеті жоқ. Көже жақсы қорытылады. Көженің түр-түрі бар: жарма, балық, еттен жасалған көжелер бар. Танымал мейрамханаларда көже болуы да бекер емес", - деді диетолог.