Жазда көбі маусымдық көкөністерді, жемістер мен жидектерді кейін пайдалану үшін мұздатады.
Мұндай азық қорын даярлағанда кей өнімнің мұздатқышта ұзақ сақталуы пайдалы емес екенін есте ұстаған жөн. Doctorpiter-ге терапевт, гастроэнтеролог Сергей Лопатин мұздату кезінде қандай өнімдер денсаулыққа қауіп төндіретінін айтты, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.
Мұздатуға ұсынылмаған өнімдердің тізімі үлкен. Мұздату адам ағзасына қауіпі бар және өнімнің құрамы мен дәміне зиян келтіреді. Осы екі жағдайдың басын ашып алу керек.
Дәмісіз болады
Қияр, қырыққабат, цуккини сынды көкөністерді көп мөлшерде суға салып қатырмаңыз. Мұздатқыштан кейін олар сулы быламыққа айналады, тамаққа қосу ыңғайсыз, дәмсіз болады.
Көкөніс те қышқыл болып, қытырлайды. Картоп дәмін өзгертеді және тәтті болады: төмен температурада оның құрамындағы крахмал қарапайым қантқа айналады.
Мұздатқышта ұзақ уақыт сақталған сүт пен йогуртты жылытқыңыз келсе, түйіршіктер пайда болады.
Әдетте, жеміс-жидек пен көкөністі үйде мұздату пікірталас тудырады. Медицина тұрғысынан бұл жерде нақты пікір жоқ. Бір жағынан, мұздату кезінде олар қорек заттардың көп бөлігін - дәрумендерді, минерал компоненттерін, сондай-ақ, негізгі қорек заттарды сақтай алады. Сонымен қатар, төмен температура жеміс-жидектердің антиоксидантарына жағымды әсер ететіні дәлелденді.
Екінші жағынан, мұздатқыш (тоңазытқыш) арқылы дәрумендер мен макроэлементтерді сақтау мүмкін емес. Өнімді бірнеше минутта толығымен мұздату үшін арнайы жабдық қажет.
Сақтау шарттары
Мұздатылған тағамның қауіпсіз болуы сақтау шарттарымен байланысты. Еріткеннен кейін қайта мұздатуға мүлдем болмайды! Олар кез келген өнімді пайдалы қасиеттерінен толығымен айырады. Бұл қаптамадағы дүкен өнімдеріне де, үйдегі мұздатқыштағы өнімдерге де қатысты.
Мұздатуға кеңес берілмейтін өнімдер
Мұздатқаннан кейін денсаулыққа қауіп төндіретін үш өнім бар. Біріншісі - жұмыртқа. Тоңазытқышта қатып қалған жұмыртқаның ішіндегі сұйық ақуыз кеңейеді, бұл қабықтың жарылуына әкеледі. Тіпті кішкентай зақым бактериялардың енуіне және көбеюіне негіз болады. Сондықтан шикі жұмыртқаны қатырғыңыз келсе, оларды сындырып, алдын-ала араластырып, ауа өткізбейтін контейнерге құйған дұрыс. Қажет болса, ақуыз бен сарыуызды да бөлек салсаңыз да болады.
Жұмсақ ірімшікті қатырмаңыз. Мұздатқышта олар құрамын өзгертеді және дәмін жоғалтады. Төмен температура ірімшікке ықпал етеді.
Ет, құс еті, балық және теңіз өнімдерін қайта мұздатуға қатаң тыйым салынады. Мұндай өнімдерде бактериялар көбейеді, ал олар инфекцияға әкелуі мүмкін.
Айтпақшы, мұздатылған ет пайдалы емес. Қайта еріту оның құрамындағы ақуыздың бұзылуына әкеледі. Мұндай тағамдардың пайдасы өте аз, ал оларды тұтыну қаупі өте жоғары.