- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қандай тағам бас...
Қандай тағам бас пен мойын қатерлі ісігін тудыруы мүмкін?
Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары метионин аминқышқылының көп мөлшері бар тағамды жеу бас пен мойын аймағында қатерлі ісіктердің пайда болуына себеп болуы мүмкін екенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зерттеу нәтижелері Proceedings of the National Academy of Sciences (PNAS) журналында жарияланды. Ғалымдар жыл сайын бүкіл әлем бойынша жарты миллионнан астам адамға әсер ететін тыныс алу жолдарының, бастың және мойынның қатерлі ісігінің агрессивті түріндегі жоғарғы аэродигестивті жалпақ жасушалы карциномасының пайда болу факторларын іздеді.
Олар ісіктердің басқа түрлеріне қарағанда ауыз қуысындағы қатерлі ісікте метионин мөлшері жоғарылағанын анықтады. Метионин - адамдар теңіз өнімдері, жұмыртқа және сиыр еті сияқты тағамдардан алатын амин қышқылы.
Бұдан басқа зерттеулер мембраналық ақуыз және метионинді жасушаларға сіңіруге жауап беретін LT 1 тасымалдаушысының бітелуі ісіктердің өсуінің баяулауына әкелетінін көрсетті.
Сонымен қатар, жануарлар, ағзалар мен тіндердің зертханалық модельдеріне жүргізілген тәжірибелер метиониннің төмен мөлшері қатерлі ісіктердің өсу қарқынын екі есе төмендетуге ықпал ететінін көрсетті.
Ғалымдар қатерлі жасушалар өз жұмысын жалғастыру үшін күшті метионинге мұқтаж екенін түсіндірді. Ал қалыпты жасушалар осы амин қышқылының жетіспеушілігіне сезімталдығы төмен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә