- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қандай сусындар қанды...
Қандай сусындар қанды қоюландырып жіберетіні белгілі болды
Күнделікті тұтынып жүрген сусындар қан айналымына зиян келтіруі мүмкін. Бұл туралы "Москва 24" басылымына диетолог дәрігер Михаил Гинзбург айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның сөзінше, алкоголь, тұзды және тәтті сусындар қанды қоюландырып жібереді. Ал қанның қоюлануы қанның ұюына (тромб) әкеліп соғуы мүмкін.
"Барлық алкоголь сусын мен құрамында тұз бар, яғни тұзды қиярдың суы қанды қоюландырып жібереді. Сонымен қатар, құрамында қант бар сусындар, мысалы тәтті газдалған сусындар да қанды қоюландырады. Бұл сусындар қанның ұюын жеделдетіп жібереді", - дейді диетолог.
Дәрігердің сөзінше, қанның ұюы бізді қансыраудан сақтайды.
"Бірақ қанның жедел ұюы тромбтардың пайда болуына әкеледі", - дейді маман.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина