- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қандай сусын бауыр...
Қандай сусын бауыр қатерлі ісігі қаупін арттырады?
Біздің ағзамызға зиян келтіретін тек спиртті сусындар емес. Жаңа зерттеудің авторлары қанты көп сусындар мен бауыр ауруы және қатерлі ісігі арасында байланыс барын анықтаған. Олардың жұмыстарының нәтижелері Jama Network Open басылымында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Express порталына сілтеме жасап.
Бауыр қатерлі ісігінің белгілері қандай?
Бауыр қатерлі ісігінің белгілеріне мыналар жатады:
- терінің немесе көз ағының сарғаюы;
- терінің қышуы;
- зәрдің қою түсі;
- тәбеттің жоғалуы;
- қатты шаршаңқылық;
- іштің оң жақ жоғары бөлігінде ісінгендік;
- жүрек айну;
- себепсіз арықтау;
- кенеттен мұрын қанау;
- үнемі іштің кебуі.
Ғалымдар командасы 98 786 әйелдің мәліметтеріне анализ жасаған. Олар қатысушылар жайлы ақпаратты 1993 жылдан 1998 жылға дейінгі аралықта 40 клиникалық сынақ түскен Women's Health Initiative зерттеуінен алған. Сол кезде зерттеуге 50-79 жас аралығындағы әйелдер қатысқан. Олардың әрқайсысынан өздерінің сусын ішу әдеттері жайлы айтып берулерін сұраған. Әйелдер алкогольді емес сусындарды, қанты бар сусындарды және жеміс шырындарын қаншалықты көп ішетінін айту керек болды. Шамамен 6,8% (6692) қатысушы күнде бір немесе бірнеше порция тәтті сусын ішетінін айтқан. Сондай-ақ 13,1% қатысушы (8506 адам) күнде бір немесе бірнеше жасанды хош иістендіргіші бар сусын ішкен.
Ғалымдар 20,9 жылда бауыр қатерлі ісігінің 207 жағдайын анықтаған. Оған қоса, созылмалы бауыр ауруымен байланысты 148 өлім жағдайы WHI қатысушылары болып шыққан.
Неліктен кей балалар туа сала қатерлі ісікке шалдығады?
А. Жапатова