Қандай мүліктерді декларациялау керек?

Қандай мүліктерді декларациялау керек? Декларацияның кезеңдері қандай? Осы және өзге де сұрақтарға ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірісін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова және Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Дархан Бисеналиев Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жалпыға бірдей декларациялаудың кезеңдері қандай? 

2021 жылдан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді.

Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті:

- әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру;

- жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру;

- сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.

Бірінші кезеңде, 2021 жылы580 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары "алғашқы" декларацияны тапсырды.

Екінші кезеңде, 2023 жылдан бастап декларацияны мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың шамамен 2,1 млн. қызметкері, сондай-ақ олардың жұбайлары табыс етті.

Үшінші кезеңде, 2024 жылдан бастап декларацияны шамамен 3,9 млн. жеке тұлға тапсырады,олар - заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде, 2025 жылдан бастап азаматтардың қалған санаттары табыс етеді(мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар). Жалпы 6,4 млн жеке тұлға қамтылады деп жоспарлануда.

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне шамамен 13 млн. адаменеді деп күтілуде.

Декларацияда қандай мүлік көрсетіледі?

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың  "алғашқы" декларациясын табыс етуінен тұрады және декларацияда  жеке тұлғаныңбарлық шетелдік активтері, жылжымалы, жылжымайтын мүліктері, атап айтқанда:

•  шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;

•  шетелдік банктердегі  7,3 мың АҚШ долларынан асатын ақша қаражаттары  (1 000 АЕК);

•  шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;

•  бағалы қағаздар, сандық активтер (биткоиндар және т. б.);

•  үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимаратындағы үлесі);

•  инвестициялық алтын (құйма алтын);

•  зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;

•  34,5 млн. теңге (10 000 АЕК ) шегіндегі қолма-қол ақша;

•  2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған  қарыз шарттары;

•  құны 3,4 млн.теңгеден асатын басқада мүлік (қалауы бойынша) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т. б.) – бағалауды декларация тапсырылғанға дейін (2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) жасату қажет.

Декларациялауға қалай дайындалу керек?

Декларацияны табыстау кезінде Қазақстандағы және шетелдегі активтер туралы мәліметтер толыққанды болуы тиіс. Себебі, декларацияланған активтердің құны болашақта салық салынатын табысты айқындау кезінде ескерілетін болады.

Сондықтан декларацияны толтырмас бұрын тиісті растайтын құжаттарды алдын ала дайындауды ұсынамыз:

- тәуелсіз бағалаушыға 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құны 1000 АЕК-тен (3,5 млн.теңге) асатын мүлікті бағалату (қалауы бойынша)

- 2023 жылғы 31 желтоқсанынадейін орын алған ақша қаражаттарын беру фактісі бойынша, нотариустардан қарыз алу шарттарын куәландыру

Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің болуын келесі сайттар бойынша тексеруге болады:

1) бағалы қағаздар бойынша https://portal.kacd.kz 

2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша https://homeportal.kz  https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru 

3) зияткерлік меншік, Авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz 

4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu 

Дебиторлық/кредиторлық берешектің (қарыз шартының) болуы бойынша сұрау салуды Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға жіберу қажет.

Одан кейін, жыл сайын күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістер, шетелде мүлікті сатып алу не иеліктен шығару туралы мәліметтер көрсетілетін Кірістер мен мүлік туралы декларациясы (270.00-нысан) табыс етіледі.

Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар Қазақстанда және шетелде мүлікті сатып алу және иеліктен шығару туралы мәліметтерді, сондай-ақ оларды сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздерін көрсетеді.

Осылайша, кірістер мен мүлік туралы жыл сайынғы декларацияда мыналар көрсетіледі:

•  жеке тұлға дербес салық салатын кірістер (мүліктік кіріс, жалға беруден түсетін табыс, жылжымайтын мүлікті, көлікті, бағалы қағаздарды сатудан түскен кіріс, шетелден келген кірістер және т. б.)

•  салық шегерімдері (медициналық  шығындар,  білім беру, ипотека бойынша төлемдер, көп балалы отбасылар үшін шегерім)

•  өтеусіз алынған мүлікті (жылжымайтын мүлік, көлік, бағалы қағаздар, цифрлық активтер және т. б.) қоса алғанда, мүлікті сатып алу/иеліктен шығару

•  қымбат мүлікті сатып алу көздері

•  бағалы қағаздар, сандық активтер (биткоиндар және т. б.);

•  үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі);

•  инвестициялық алтын (құйма алтын);

•       жеке тұлғалар үшін нотариалды куәландырылған қарыз шарттары

•  шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;

•  шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;

•  шетелдік банктердегі  7,3 мың АҚШ долларынан асатын ақша қаражаттары  (1 000 АЕК);

САЛЫҚ САЛУ МАҚСАТЫНДА ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРМЕН ДЕРЕКТЕР АЛМАСУ

Мемлекет басшысының валюталық операциялар түріндегі капиталды шығаруды болдырмау туралы тапсырмаларын орындау мақсатында2018 жылғы 26 маусымда ҚР ҚМ МКК-іменқұзыретті органдармен қаржы шоттары туралы ақпаратты автоматты түрде алмасу туралы көпжақты келісіміне (көпжақты келісім) қол қойылды.

Көпжақты келісім Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияны Конвенцияның (Страсбург Конвенциясы) 6-бабына негізделеді және қаржы шоттары бойынша автоматтандырылған ақпарат алмасудың бірыңғай стандартын (CRS) енгізуді көздейді.

2021 жылдың желтоқсанындашетелдік юрисдикциялармен ҚР резиденттері мен бейрезидентерініңқаржылық шоттары бойынша алғашқы автоматты алмасу жүзеге асырылды.

Алмасу мақсаты - салық төлеуден жалтарумен күресу және салық ережелерін сақтау деңгейін көтеру үшін салық және қаржылық ақпаратты жинау және ашу.

CRS шеңберінде қатысатын құзыретті органдар юрисдикциялар жыл сайын:

өз елінің қаржы мекемелерінен көпжақты келісімге қатысушы басқа елдердің резидент – жеке және заңды тұлғаларының шоттары туралы ақпарат алады;

жыл сайын осы ақпаратты сол елдердің құзыретті органдарына береді;

көпжақты келісімге қатысушы басқа елдердің құзыретті органдарынан өз елінің резидент-жеке және заңды тұлғаларының шоттары туралы ақпарат алады;

егер бұл бақылаушы тұлғалар көпжақты келісімге қатысушы елдердің резиденттері болып табылса, бақылаушы тұлғалар (бенефициарлық иелер) туралы ақпаратты алады және береді.

Жіберілген мәліметтер бойынша:

- 2021 жылы 51 юрисдикцияның резиденттері бойынша деректер жіберілді;

- 2022 жылы 58 юрисдикцияның резиденттері бойынша деректер жіберілді;

- 2023 жылы 59 юрисдикцияның резиденттері бойынша деректер жіберілді.

Алынған мәліметтер бойынша шаралар

CRS шеңберінде 2020-2021 жылдар кезеңінде 55 елден (БАӘ, Ұлыбритания, Түркия, Франция, Испания, Германия, Италия, Швейцария, Чехия, Польша, Корея, Қытай, Жапония, Сингапур және т.б.) ҚР резиденттерінің шоттары бойынша мәліметтер алынды.

Бақылаумен 1628 жеке тұлға қамтылды (мамырда – 569, қазанда - 1059). Камералдық бақылау орташа тәуекел дәрежесі бар бұзушылықтар 3 бағыт бойынша жүзеге асырылды. Бүгінгі күні хабарламалар 1292 адамға табысталды. Жалпы, жұмыс нәтижелері бойынша бюджетке 3 млрд. теңге жеке табыс салығы өндірілді.

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ БОЙЫНША

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты 2023 жылға төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 сәуірде аяқталады.

Салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.

Көлік құралдарына салынатын салық сомасын kgd.gov.kz web-порталында және "e-Salyq Azamat"мобильді қосымшасында калькулятордың көмегімен дербес есептеуге болады.

Сонымен қатар, есеп айырысу сальдосын айқындау мақсатында салық органдары жыл сайын тиісті жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты есептейді.

Салықтың есептелген сомалары бойынша ақпарат 2024 жылғы 15 наурыздан кейін "Каспи банк" АҚ және "Халық банк" АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілетін болады.

Сондай-ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web-порталда "Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер" сервисінде, сондай-ақ "e-Salyq Azamat" және "Каспи банк" АҚ және "Халық банк" АҚ екінші деңгейдегі банктерінің мобильді қосымшаларында жіберілетін болады.

Аталған мобильді қосымшалардың барлық пайдаланушылары көлік құралдарына салынатын салықтың 2023 жылға есептелген сомаларын көреді және оның төлемін жасай алады.

2024 жылғы 2 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламалар жіберілетін болады.

1 АЕК (3 450 теңге) астам берешек сомасы бойынша хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кейін жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы автоматты түрде қалыптастырылады және борышкерге жіберіледі.

Берешек тапсырылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кейін төленбеген жағдайда, салық Бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі.

Көлік салығынан берешек бойынша

Жалпы республика бойынша 2024 жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың мүлкі мен көлік құралдарына салынатын салық бойынша 539 241 салық төлеушінің берешегі 16,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде берешектің негізгі сомасы көлік құралдарына салынатын салыққа – 14,9 млрд теңге.

Оның ішінде көлік құралдарына салынатын салық міндеттемелерінен жалтарған автокөлік иелерінің ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген:

Алматы қ. – 26 мың борышкер бойынша берешек 3,5 млрд. теңге;

Алматы облысы - 24 мың борышкер бойынша берешек 2,2 млрд. теңге;

Астана қ. - 20 мың борышкер бойынша берешегі 1,6 млрд. теңге.

Заңнамаға сәйкес сот орындаушылары банктік шоттар мен мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ, 40 АЕК-тен берешек сомасы кезінде ҚР-дан шығуға тыйым салынуы мүмкін.

Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа берешек сомасының 25% - на дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.

Осылайша, қажетсіз шығындар мен проблемаларды болдырмау үшін салықты уақытылы төлеуді, ал салық берешегі болған жағдайда - жеке сот орындаушыларына өндіріп алуға салықтық бұйрық берілген сәтке дейін (мамыр айының үшінші онкүндігіне дейін) салық пен өсімпұлды төлеуге кеңес береміз. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!