Қандай мобильді аударымдар тексеріледі? Вице-министр жауап берді

Қандай мобильді аударымдар тексеріледі? Вице-министр жауап берді
Фото: Tengrinews

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қандай жағдайда мобильді аударымдар тексерілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілі вице-министрге "жеке кәсіпкерге ай сайын мобильді аударым арқылы 100 рет ақша аударылса, бір аударымның сомасы 255 мың теңге болса, онда оның мобильді аударымы тексеріле ме?" деп сұрақ қойды.

Ержан Біржанов қандай мобильді аударымдар тексерілетініне тоқталды.

  • "Біріншіден, төлемдердің санына назар аударылады. Егер жеке кәсіпкер болса, оған мобильді аударым арқылы ақша түссе, 100 мобильді аударым болса.
  • Екіншіден, мобильді аударым арқылы 3 ай қатарынан ақша түссе, яғни қаңтар, ақпан, наурыз бойы. Ай сайын 100 мобильді аударым тіркелсе.
  • Үшіншіден, жалпы осы төлемдердің сомасы 3 айда 255 мың теңге болса мобильді аударым тексеріледі. Сондай-ақ, қаңтарда оған мобильді аударым арқылы ақша түссе, ақпанда қаржы түспесе, оның мобильді аударымы бақылауға алынбайды", - деді министрдің орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін аударымдар 255 мың теңгеден асса тексеріс жүруі мүмкін екені хабарланды.

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz