Қандай жағдайда сары май жеуге болмайды?

Салауатты өмір салтын сақтап, дұрыс тамақтануға тырысатындар сары майдың орнына шыжғырылған гхи майын таңдайды. Осыған байланысты диетолог, гастроэнтеролог Татьяна Жаровская бұл майды бір жағдайда ғана қолдануға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sputnik-ке сілтеме жасап.

Татьяна Жаровскаяның айтуынша, қарапайым сары майдың құрамында қаныққан майлар мен полиқанықпаған май қышқылдары бар. Мысалы, арахидон қышқылы, ол қызған кезде тотығу процесіне ұшырап, нәтижесінде жасушаларды зақымдайтын заттар пайда болады.

Ал шыжғырылған сары май іс жүзінде тотықпайды, сондықтан оны тамақ дайындау кезінде сары майдың орнына қолданған дұрыс.

Сонымен қатар дәрігер пайдалы өнімді теріс пайдаланудан сақтандырды.

"Бұл қаныққан май болғандықтан, майды шамадан тыс тұтыну липидтер алмасуына әсер етіп, холестерин деңгейін жоғарылатуы мүмкін", - деп түсіндірді диетолог.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!