Бүгінде Қазақстанда жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдардың басым бөлігі фото және видеофиксация камералары арқылы автомат түрде рәсімделеді. Алайда бұл мұндай қаулының бәрі бірдей заңды дегенді білдірмейді. Тіркеу кешендерінің жұмысындағы қателіктер, жол таңбаларындағы ақаулар, көрінбей қалған жол белгілері немесе процестік бұзушылықтар оған шағымдануға негіз бола алады. Адвокат камера дерегі негізінде салынған жол ережесін бұзу айыппұлын жүргізуші қандай жағдайда даулауға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Адвокат Жандос Палмановтың айтуынша, жүргізушілер мына жағдайларда айыппұлға дауласуға құқылы:
Дегенмен, адвокат әр жағдайда жеке бағалау қажет екенін атап өтті.
Сарапшының түсіндіруінше, заң бойынша қазақстандықтар әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша қаулыға ол табыс етілген немесе көшірмесі алынған күннен бастап 10 тәулік ішінде шағымдана алады.
Сондай-ақ, Палманов мырза жүргізуші шағымданудың белгіленген мерзімін өткізіп алса да, бұл қорғану құқығынан айырылды деген сөз емесін айтты. Дәлелді себептер болған жағдайда мерзімді қалпына келтіруге болады, тиісті өтініш уәкілетті органға немесе сотқа беріледі.
Адвокаттың айтуынша, хаттамаға қол қою жүргізушінің құқықбұзушылықпен толық келісті деген сөз емес.
"Жүргізуші құжатқа қол қойып, онда өзінің қарсылығы мен ескертулерін көрсетуге құқылы. Қол қоюдан бас тартқанда хаттама автомат түрде күшін жоймайды және әдетте оны полиция қызметкері бөлек тіркейді", — деп түсіндірді адвокат.
Куәгерлердің болмауы өздігінен айыппұлды жоюға негіз бола алмайды.
Алайда егер бұзушылық мән-жайлары тек полиция қызметкерінің сөзімен расталып, бұл ретте объектив дәлелдер болмаса, бұл істі қарау кезінде қорғаушы тараптың пайдасына қолданылуы мүмкін.
Палмановтың сөзінше, фото және бейнетіркеу материалдарының сапасы да маңызды рөл атқарады. Егер жазба бойынша автомобильдің мемлекеттік нөмірін, бұзушылық жасалған орынды немесе уақытты, сондай-ақ, бұзушылықтың жасалу дерегінің өзін нақты анықтау мүмкін болмаса, мұндай дәлелдер жүргізушіні жауапкершілікке тарту үшін жеткіліксіз деп танылуы мүмкін.
Бұл ретте адвокат әрбір жағдай жеке қаралатынын, ал дәлелдемелерді бағалау ұсынылған материалдардың сапасы мен ақпаратына байланысты екенін баса айтты.
Сарапшы шағым түсіру жүргізушінің шығарылған қаулымен келіспейтінін білдіретінін атап өтті.
"Әдетте, шағым түпкілікті қаралғанға дейін мәні бойынша шешім қабылдануын күту ұсынылады. Сонымен қатар, істің нақты мән-жайы мен заңнама талаптарын ескеру қажет, себебі айыппұлды өз еркімен төлеу құқықбұзушылық дерегін мойындау ретінде қарастырылуы мүмкін", — деп түсіндірді адвокат.
Біз жүргізушіге өзі болмаған учаскеде жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл келсе не істеу керегін сұрап білдік.
Палмановтың айтуынша, ең алдымен фото және бейнетіркеу материалдарын сұратып, бұзушылықтың барлық мән-жайын: күнін, уақытын, тіркелген орнын және автомобильдің мемлекеттік нөмірін мұқият тексеру қажет.
Кейін алынған мәліметтерді жеке дәлелдермен салыстырған жөн. Олар бейнетіркегіш жазбалары, GPS-трекерлердің деректері, құқықбұзушылық тіркелген сәтте автомобильдің қай жерде болғаны туралы мәліметтер немесе куәгерлердің айғақтары болуы мүмкін.
"Егер жүргізушіде автомобильдің көрсетілген жерде болмағаны немесе бұзушылықтың қате тіркелгені туралы дәлелдер болса, мүмкіндігінше тезірек уәкілетті органға шағым түсіру немесе сотқа жүгіну қажет", — деп атап өтті адвокат.
Біз жол таңбасы өшіп қалған немесе нашар көрінетін болса, оның талаптарын бұзғаны үшін салынған айыппұлға дауласуға болатынын білдік.
Палмановтың айтуынша, егер таңба сызықтары ескірген, өшіп қалған немесе оның жай-күйі жүргізушіге, мысалы, тоқтау сызығының немесе қозғалыс жолағының шекарасын нақты анықтауға мүмкіндік бермесе, бұл жол қозғалысының тиісті деңгейде ұйымдастырылмағанын білдіруі мүмкін.
Мұндай жағдайларда адвокат жол инфрақұрылымының жай-күйін фотосуретке немесе видеоға түсіріп алуға кеңес береді. Бұл материалдар кейіннен қаулыға шағымдану кезінде айғақ ретінде пайдаланылуы мүмкін.
"Әрбір жағдайда жүргізушінің таңба талаптарын шынайы тани алу мүмкіндігін бағалау қажет. Егер таңбаның жай-күйіне байланысты бұл мүмкін болмаса, мұндай дерек шағымды қарау кезінде ескерілуі мүмкін", — деп атап өтті сарапшы.
Кейде ереже бұзуға жүргізушінің ұқыпсыздығы емес, жол инфрақұрылымының жай-күйі себеп болып жатады. Мысалы, жол белгісі ағаш бұтақтарымен, жарнама конструкциясымен жабылып қалуы немесе оны дер кезінде байқау мүмкін болмайтындай орнатылуы мүмкін. Біз сарапшыдан мұндай жағдай айыппұлдың күшін жоюға негіз бола ала ма деп сұрадық.
Палмановтың сөзінше, мұндай мүмкіндік қарастырылған.
Егер жол белгісі ағаштармен немесе жарнама құрылымдарымен тасаланса, зақымдалса немесе талаптарды бұза отырып орнатылса, жүргізуші оны дер кезінде көру және талабын орындау мүмкін болмағанын алға тартуға құқылы.
Мұндай жағдайларда адвокат белгінің күйін фотоға немесе видеоға түсіріп алуды, сондай-ақ мүмкіндігінше жолдың сол учаскесінен өту сәтінде ақпаратты қабылдаудың қиын болғанын растайтын басқа да дәлелдемелерді жинауды ұсынады. Мұндай материалдар қаулыға шағымдану кезінде қолданылуы мүмкін.
Адвокат мыналарды ұсынады:
Қажет болған жағдайда сарапшы білікті заңгерлік көмекке жүгінуге кеңес береді.
"Әрбір айыппұл заңды, негізді және жеткілікті дәлелдермен расталған болуға тиіс. Егер азаматта әкімшілік жауапкершілікке тартудың заңдылығына қатысты күмән туындаса, ол заңда қарастырылған шағымдану тетіктерін пайдалануға толық құқылы. Техникалық тіркеу құралдарының қателіктері мен процестік бұзушылықтар кездесіп тұрады, сондықтан әрбір іс мұқият құқықтық бағалауды талап етеді", — деп түйіндеді Палманов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!