71 жаста Халима Қаратопырақ алғаш рет есімін жазуды, телефон нөмірін теруді және қол қоюды үйренді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Малатияда оқу-жазуды үйренуге өтініш берген орталықтағы курсқа бара алмаған егде жастағы әйел кейіннен ерікті мұғалімнің берген сабақтарына қатысу арқылы арманына жетті. 71 жастағы Халима Қаратопырақ ерікті түрік мұғалімінің берген сабақтарының арқасында оқу мен жазуды үйренді. Бұл туралы TRT Haber сайты хабарлады.
Ол оқу мен жазуды білмегендіктен көшедегі жазуларды оқи алмаған, сауда орталықтарында және ауруханаларда құжат толтырғанда қиналғанын айтады.
"Мен аты-жөнімді қалай жазу керегін, телефонды қалай қолдануды білмедім. Кезінде әжем мені мектепке жібермеді. Телефоным бар, бірақ нөмірімді білмеймін, қандай автобусқа мінетінімді білмей қиналған соң оқуды, жазуды үйренемін деп шештім", - дейді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!