Әнші, актриса әрі тележүргізуші Салтанат Серкебаева тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуанышты хабарды тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
"Бүгін әріптесіміз, сіңліміз Салтанаттың қуанышына ортақтасамыз деп, ерекше сүйсініп, риза болып қайттым. Әдемі үш дәстүрімізді бір күнге біріктіріп, бізді де сыйлап шақырды. Әдетте құдалық пен сырға салуға тек туғандар жиналады ғой. Ал бүгін сырғалымның сырғалым атанған сәтіне баршамыз куә болдық", - деп жазды тележүргізуші.
Желі қолданушылары бұл жазбаға "Күштііі қыз, күлкісінің өзі сыңғырлап тұрады. Бақытты болсын!", "Жасандылық жоқ, қарапайым қазақтың қызы", "Қандай әдемі, ибалы, сүйкімді, сұлу. Бақытты, ұзақ ғұмыр тілеймін!", "Әдемі қыз осы, бақытты болсын" деп пікір жазып, оған бақыт тілеп жатыр.
"Түнгі студия" бағдарламасының продюсері Алпамыс Шәрімов те Салтанат Серкебаеваның ұзату тойында түсірілген видеоны TikTok-тағы парақшасында бөлісті.
@alpamyssharimov #түнгістудия ♬ оригинальный звук - Alpamys Sharimov
Айта кетейік, Салтанат Серкебаева Мөлдір Әуелбекова жетекшілік еткен "Назар" тобында өнер көрсеткен. Сондай-ақ "Томирис" фильмінде Сақ патшайымының 15 жастағы кезін ойнаған. Ол сонымен бірге "Ищу TOQAL для мужа" комедиясына да түскен. Салтанат Серкебаева – "Түнгі студия" бағдарламасының қазіргі жүргізушілерінің бірі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!