Макарон немесе қуырылған картопты ұнатпайтын адамды табу қиын. Дәмді әрі тойымды бұл екі өнімнен тағам дайындау қиын емес. Бірақ олардың бір үлкен кемшілігі бар - артық калория. Дұрыс тамақтану принциптерін ұстанатын адамдар картоп пен макаронды қарақұмық, сұлы және басқа да дәнді дақылдармен алмастырады. Ас мәзір әртүрлі болған жақсы, бірақ сүйікті тағамдардан мүлдем бас тарту дұрыс емес.
Диетолог Майкл Мосли макарон мен картопты тұтынса да, артық салмақ қоспай, қандағы қант пен холестерин деңгейін қалыпты ұстауға болатын құпиясын бөлісті.
Маманның айтуынша, бұл әдіс төзімді крахмалдың пайда болуына ықпал етеді.
"Төзімді крахмал талшық сияқты әрекет етеді, яғни қыздырылған макарон жеген кезде қандағы қант мөлшері азаяды", - дейді ол.
Төзімді крахмал - тоқ ішек бактериялары өңдейтін, ұйқы безінің ферменттерін ыдыратпайтын крахмал.
"Бір таңғаларлығы, көмірсудың көптеген түрін тек пісіру, салқындату, содан кейін қыздыру арқылы төзімді әрі пайдалы крахмалға айналдыра аласыз", - деп қосты диетолог.
Мұндай крахмал тағы қандай өнімде бар?
Егер сіз ұзақ күткіңіз келмесе, онда тағамды жай салқындатуға болады. Бірақ, егер ол түнде тоңазытқышта тұрса, әдіс әлдеқайда тиімді жұмыс істейді.
Қалай зиян тағамнан пайдалы тағам жасауға болады?
Сіздің сүйікті тағамдарыңызды пайдалы ету үшін пісіру әдісін зияны жоқ түрі мен әдістерін қолданып көріңіз және әдеттеріңізді реттеңіз.
Айта кетейік, бұған дейін картоптан дайындалатын 5 тағам тізімі жарияланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Республика күніне құттықтау-тілектер
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!