Маңғыстауда вахта жұмысшылары кен орнынан бірқазанды тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Жұмысшылардың айтуынша, олар бірқазанды бүгін, 23 қазанда таңертең №6 жол бойында кен орнындағы ғимараттың маңынан тапқан.
"Алғашында құс қатты қорықты. Бірте-бірте үйреніп қалатын шығар. Әлі жем беріп үлгерген жоқпыз", - дейді мұнайшылар.
Жұмысшылардың айтуынша, бірқазан ұшып кетпек болған, бірақ үлгермеген. Олар құстың қанаты сынған болуы мүмкін дейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!