Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары - Қазақстан Халық Кеңесі хатшылығының басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Қанатбек Жайсанбаев туралы не белгілі?
Ол 1980 жылы 8 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін тәмамдап, экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алған.
- Еңбек жолын 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының Қызылордадағы филиалында оқытушы болып бастады.
- 2001 жылы тамыздан бастап Қызылорда облысы бойынша Сот әкімшілігінің бас маманы болып қызмет атқарды.
- 2001 жылғы желтоқсанда Қызылорда облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік құқық жұмысы бөлімінің бас маманы, кейін 2003 жылғы қыркүйектен бастап осы бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды.
- 2005-2007 жылдар аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінде Құқықтық қамтамсыз ету басқармасының бастығы болып қызмет атқарған.
- 2007-2008 жылдар аралығында Kazakh Integrated Services ЖШС және CNRG Capital ЖШС-ның Астана қаласындағы өкілдігінде заңгер болып қызмет етті.
- 2008-2016 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, аппарат басшысы лауазымдарын атқарған.
- 2016 жылғы қазаннан бастап Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
- 2021 жылғы сәуірден - 2022 жылғы 9 желтоқсанға дейін Президент әкімшілігінде Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.
- 2022 жылғы 9 желтоқсанда Президенттің көмекшісі - Президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
- 2023 жылғы 1 қыркүйекте Президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова