"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ жалғыз акционерінің 25 қыркүйектегі шешімімен Қанат Шарлапаев қоғамның директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды", - деп жазылған хабарламада.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесі енді алты адамнан тұрады.
Еске салайық, өткен аптада Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова