Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына Қанат Шарлапаев тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, былтыр қыркүйекте "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Bereke Bank (бұрынғы "Сбербанк Қазақстан") директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған еді.
Ол "Бәйтерек" холдингін 2022 жылғы ақпаннан бастап басқарып келеді. Бұған дейін "Сити" инвестбанкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры болып жұмыс істеген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!