Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламның (28-1, 22 KO) келесі жекпе-жегі өтетін орын мен уақыты белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшының командасына жақын мәлімет көзінің ақпаратынша, Қанат рингке қыркүйекте АҚШ жерінде шығады. Қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегін 26 ақпанда Плант-Ситидегі бокс кешінде өткізіп, карьерасында алғаш рет жеңілген болатын. Сол кезде Қанат Ислам WBO Global титулы үшін кездесуде ұлыбританиялық Джимми Келлиге (26-2, 10 КО) төрешілер шешімімен (95-95, 96-94, 97-93) есе жіберген.
Қазіргі таңда қазақстандық боксшы Окснардта (Калифорния) бұрынғы бапкері Роджер Романың қоластында жаттығып жатыр.
Ислам қазіргі кезде барлық негізгі ұйымның: WBC, WBA, IBF және WBO рейтингтерінің топ-15 тізімінен шығып қалған.