Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 KO) АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ислам орта салмақ лимитінен асқан жоқ.
"Қанат салмақ өлшеді және дайын", - деп жазды қазақстандықтың бапкері Роджер Ромо Instagram-парақшасында.
Еске салайық, 7 қазанда Плант-Ситиде Қанат Ислам аргентиналық Хавьер Франсиско Масьельмен (34-17, 23 КО) 8 раундтық жекпе-жек өткізеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!