Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ол 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы коммерциялық ұйымда экономист болып бастады.
1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін - Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.
1997 жылы - Экономика және сауда министрлігінде сауда-өндірістік бірлестіктің экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, өңірлік саясат бөлімінің басшысы.
1997-1998 жылдары - "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" ЖАҚ жиынтық-қаржылық департаментінің басшысы, экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті.
1998-2000 жылдары - Энергетика, индустрия және сауда министрілігінің мұнай және газ департаменті директоры.
2000 жылы - энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
2001 жылы - KEGOC ААҚ бірінші вице-президенті.
2001-2007 жылдары - KEGOC ААҚ президенті.
2007-2008 жылдары - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ басқарма төрағасы.
2008-2009 жылдары - KEGOC АҚ басқарма төрағасы.
2009 жылдан бастап 2013 жылға дейін - Жамбыл облысының әкімі.
2013-2016 жылдары - Павлодар облысының әкімі.
2016-2019 жылдары - энергетика министрі.
2019-2021 жылдары - Президенттің көмекшісі.
2021-2022 жылдары - Алматы облысының әкімі.
2023-2024 жылдары - Президенттің кеңесшісі.
2024 жылғы 31 наурызда премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
2026 жылғы 3 қыркүйекте премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!