- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Канадалық жігіт ховербордпен...
Канадалық жігіт ховербордпен көл үстінен ұшып өтті (видео)
«Болашаққа қайту» (Назад в будущее) фильмін есімізге түсірсек, жердегі магнитпен ауада қозғалатын ховерборд есімізге түседі. Киноның сценарийі бойынша, бұл өнім бізге осы жылы қолдануға берілуі керек еді. Әйткенмен де, оның әзірге прототибі ғана дайын екені және 2017 жылға қарай сатылымға шығатыны белгілі болды.
Канадалық Каталин Александру Дуру (Catalin Alexandru Duru) есімді жігіт ховербордтың ресми таныстырылуын күтпей, оны өзі құрастырып көріпті. Сосын оның мүмкіндігін өзі сынақтан өткізіп, Гиннесс рекордтар кітабына енді. Айта кетсек, ол Каталин аппараттың көмегімен Канададағы Квебек көлінің үстінен ұшып өткен.
Мультикоптердің құрылымына ұқсас болып келетін ховерборд (ұшатын скейтборд) аяқ арқылы басқарылады. Мұнда ховербордты жоғары көтеріп тұратын магнит емес, мультикоптер құралдары. Жалпы ховерборд ешқандай қиындықсыз 275,9 метрге ұшқан.
Әзірге жаңа рекорд орнатқан техникалық жабдықтың ішкі құрылымына қатысты ақпарат берілмеді. Ховербордтың коммерциялық жобасына келгенде де Каталин пікір білдіруден бас тартқан.
Ж. Өрісбай