- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Димаш Құдайберген
Канадалық басылым Димаш Құдайбергеннің жарнамалық баннерін жариялады
Канадада танымал La Press басылымында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің баннері жарық көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жарнамалық суретті Димаш Құдайбергеннің канадалық жанкүйерлері ұсынған. Айта кетейік, La Presse газетін айына 4 миллионға жуық оқырман оқиды.
Нақтылай кетсек, 2024 жылдың 9 қарашасы мен 22 қарашасы аралығында басылымның "Өнер және музыка" бөлімінде 25 000 баннерлік жарнама жарияланды. Онда қосымша Димаштың ән орындап жатқан видеосына сілтеме бар.
Мұндай науқан Димаштың Францияға сапарынан кейін басталды.
Еске салайық, 5 қарашада Елисей сарайында Франция президенті Эммануэль Макронның атынан мемлекеттік қабылдау өтті. Салтанатты шараға Франция үкіметінің мүшелері, танымал саясаткерлер, іскери, ғылыми және дипломатиялық топтардың өкілдері, сондай-ақ екі елдің танымал мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.
Қазақстан Республикасының халық әртісі Димаш Құдайберген кеш қонағы ретінде "SOS d’un terrien en détresse" композициясын француз тілінде орындаса, қазақ тілінде қазақтың халық әні "Дайдидауды" шырқады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева