- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қан тапсыратын адамдардың...
Қан тапсыратын адамдардың инфаркт алу ықтималдығы төмендейді
Қан тапсырудың адам денсаулығына пайдасы мен зияны туралы қоғамда түрлі миф бар. Республикалық қан орталығының қан дайындау және іріктеу бөлімі меңгерушісі Қымбат Жамашова baribar.kz тілшісіне олардың анық-қанығын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қан тапсыру денсаулыққа зиян емес пе?
Қан тапсырған әйелдерге де, ерлерге де пайдалы. Себебі донор болған сайын қан жаңарып отырады. Жас жасушалар шығады. Осының арқасына адам өзін жайлы, жеңіл сезінеді.
Қан доноры болған әсіресе ерлерге пайдалы. Себебі оларда әйелдер сияқты физиологиялық қан алмасу процесі жоқ. Бұған қоса қан беріп, біреудің өмірін сақтауға көмектестім деген ой да психологиялық жақсы әсер етіп, денсаулықты жақсартады.
Тұрақты түрде қан тапсыратын адамдардың қан тапсырмайтын адамдарға қарағанда инфаркт алу ықтималдығы 10 есе төмендейді. Бұған қоса мұндай донорлар қан тапсырмайтын адаммен салыстырғанда бес-сегіз жыл көбірек өмір сүреді.
Қан тапсырған соң неге әлсіздік болады?
Негізі адамдардың қан тапсырғаннан кейінгі халі әртүрлі болады. Кейбір адам бірінші рет тапсырса да, түк сезбеуі мүмкін. Ал енді біреуі тұрақты донор болса да, әр жолы өзін жайсыз сезініп, 10-15 минуттай әлсіреп қалуы мүмкін. Бірақ мұның бәрі қалыпты дүние.
Қан тапсырғаннан кейінгі уақыт жеңіл өтуі үшін донор бір күн тыныққаны, ауыр жұмыс істемегені, сұйықты көп ішіп, режим сақтағаны, дұрыс тамақтанғаны дұрыс.
Донор қан тапсырған күні жұмыстан босатылады және оның бір күндік жалақысы сақталады. Бұл үшін қан тапсырғаны туралы анықтаманы жұмыс берушіге көрсетуі керек.
Донор қанды тегін тапсырса, тағы бір күн демалыс қосылады. Бұл күнді еңбек демалысы күндеріне де қосып алуға болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева