- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- денсаулық
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
Ағзаның жағдайы жақсы болуы үшін қан тамырларының сау болуы маңызды. Жақсы қанайналым органдарға оттек пен қоректік заттардың жақсы келуін қамтамасыз етеді, уыттар мен көмірқышқыл газдың кетуіне ықпал етеді. Дұрыс тамақтану қан тамырлары жағдайын айтарлықтай жақсарта алады, жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін азайтады және жалпы өмір сапасын арттырады. Гастроэнтеролог Александр Ноев қан тамырлары саулығын сақтау үшін рационға қандай өнімдер қосу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Вечерняя Москва"-ға сілтеме жасап.
Цитрусты өнімдер
Дәрігердің айтуынша, егер қан тамырлары жақсы болса, онда адам өзін жақсы сезінеді.
"Қан тамырларының жағдайы психикалық аурулардың дамуына әсер етеді, сондықтан оларға күтім жасау керек. Ең алдымен, дұрыс тамақтану маңызды: антиоксиданттар, эфир майлары мен В және С дәрумендері. Олар көкөністер мен жемістерде көп кездеседі. Оларды күн сайын кем дегенде 450-500 грамм тұтыну керек", - деді ол.
Маман цитрустылар антиоксиданттар ретінде жақсы жұмыс істейтінін атап өтті. Олардың құрамында С дәрумені мен эфир майларының мөлшері көп.
"Мысалы, лимон мен апельсин. Олар сондай-ақ қан тамырлары мен күретамырлардың серпімділігін арттыруға, қан тамырларында түйіншектердің түзілмеуіне, "жаман" холестеринді азайтуға көмектеседі", - дейді Ноев.
pixabay.com
Қызылша, асқабақ, балдыркөк
Маман қызылша тамырлар үшін де өте пайдалы екенін атап өтті. Бұл жүрек бұлшықетін қатайтады, артерияларды тазартуға көмектеседі, тамырлар мен қанның күйін жақсартады, қысымды төмендетуге көмектеседі. Қызылша ісінуді азайтуға және артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Сонымен қатар диетологтың айтуынша, тамырлар саулығын сақтау үшін рационға балдыркөк пен асқабақты қосу пайдалы.
"Балдыркөк қандағы қант деңгейін қалыпқа келтіреді. Асқабақ та уыттарды кетіруге, артық салмақпен күресуге және "жаман" холестеринді азайтуға көмектеседі", - деді ол.
Сарымсақ және авокадо
Дәрігердің айтуынша, сарымсақ - бұл жүрек-қан тамырлары жүйесін емдеу үшін жиі қолданылатын дәмдеуіш, өйткені ол қоректік заттардың көзі. Сарымсақ қысымды төмендетеді, тамырларды тазартады және холестеринді түйіншіктерді ыдыратады.
"Авокадо туралы да ұмытпаңыз, оның құрамында көп мөлшерде омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары бар. Бұл өнім қандағы "жаман" холестерин мен қан қысымын төмендетуге көмектеседі", - дейді гастроэнтеролог.
Алма және балық
Тамырларға пайдалы тағы бір өнім - алма. Олар тамырлардың бітелуіне жол бермейді және флавоноидтар мен эпикатехиннің арқасында қысымды төмендетуге көмектеседі.
Сарапшы майлы балықта омега-3 бар екенін айтты, бұл қан тамырларының саулығы үшін де өте маңызды. Балық тағамдарын үнемі тұтыну инфаркт, инсульт қаупін азайтады және қан қысымын қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Оқи отырыңыз: Жүрек ауруларының алдын алатын 5 қарапайым қадам
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова