Атырау облысында жоғалған отбасының туысы жантүршігерлік жайтты айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қоғамды алаңдатқан оқиғаның мән-жайын білу үшін Massaget.kz бүтін бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалған Жангелдин ауылына арнайы барды.
25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түскен.
6 қаңтарда жоғалған ерлі-зайыптының сүйегі сарайдан табылды. Марқұмдардың жақындары Massaget.kz-ке іздеу жұмыстары қалай жүргізілгенін айтты.
"Осы сарайда диван тұрған. Екі кісілік диванды қойған, астына киізін жауыпты. Біразға дейін иістенбепті (сүйектер - еск.). Ауыл болып, бүкіл ел болып іздедік. Сарайдың ішінде аздап қан шашыраған, негізі сүртіп кеткен. Көзге білінбейді. Алашаларының бәрін төсеп кеткен", - деді осы отбасының туысы Фаризат Кенжеғалиева.
Бұған дейін Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны.
Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген.
Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!