Қан қысымын өлшегенде қандай қателіктер жібереміз? Кардиолог түсіндірді

Қан қысымын өлшегенде қандай қателіктер жібереміз? Кардиолог түсіндірді
Фото: depositphotos.com

Кардиолог Тамаз Гаглошвили қан қысымын өлшеу кезінде жиі жіберілетін қателіктерді атады. Дәрігер бұл туралы Telegram-арнасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гаглошвилидің айтуынша, қан қысымын өлшейтін құралдың қолға оралатын манжетасы тым үлкен немесе тым кішкентай болса, көрсеткіш дұрыс шықпауы мүмкін. Сондай-ақ, жүріп келген бойда, темекі шеккеннен немесе кофе ішкеннен кейін бірден өлшеу де нәтижеге әсер етеді.

Маманның айтуынша, қан қысымын өлшегенде сөйлесу, қолды босаң ұстамау және аяқты айқастырып отыру да көрсеткішке әсер етеді.

Бұған қоса, бір рет өлшегендегі нәтижемен шектеліп, оны қайта тексермеу де жаңсақ қорытындыға әкелуі мүмкін.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget