Малғаждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанты облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта көз жұмды. Қазір өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Курсант облыстық фтизиопульмонологиялық орталыққа 21 қарашада сағат 15:29-да жеткізілген. Ол бірден жансақтау бөліміне түскен. Оған екі жақты пневмония диагнозы қойылған. Қос өкпесінің 80 пайызы зақымдалған.
"Инфекциялық-токсикалық шок болды. Инфекциялық эндокардиттің ауыр түрі еді. Екіжақты экссудатив плеврит те белгілі болды. Ол қан құсқан. Оған қоса, жеңіл дәрежеде қаназдық дертіне шалдыққан. Бірден ем жүргізіліп, күн сайын консилиум өтті. Оған штаттан тыс бас пульмонолог Л.М.Төлегенова қатысты. Өкінішке қарай, науқас 27 қарашада көз жұмды. Өкпе-жүрек жетіспеушілігінен деп айтылып отыр. Курсанттың денесі сот-медициналық сараптама орталығына берілді. Барлығы сол сараптамадан кейін нақты анықталады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.
Малғаждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты да болған қайғылы жағдайды растады. Дегенмен ақпарат таратпады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз