Қостанай облысында құтқарушылар балықшыны құтқарып, жағаға шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 маусымда сағат 10:28-де Жітіқара қаласының құтқарушылары хабарлама алған. Оқиға куәгерлері Шортанды өзенінің сол жағалауынан жоғары қарай жоғары бөгет маңында, қамыс арасында қайық тербеліп тұрғанын жеткізген. Қайықтың ішінде ес-түссіз жатқан бір адам болған.
Жітіқара қаласының жедел-құтқару бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнына барған.
"Олар жағадан 100 метр қашықта өскен қамыс арасында екі орындық резеңке қайықты тапты. Құтқарушылар қалың өскен өсімдіктерді айналып өтіп, қайыққа жағаның басқа жағынан жүзіп барды. Олардың бірі тербеліп тұрған қайыққа көтерілді, екіншісі суда қалып, оны суда ұстап тұрды. Қайыққа көтерілген құтқарушы ер адамның есін жинауы үшін әрекет жасады", - делінген ведомство хабарламасында.
Ер адам балық аулау кезінде өзін нашар сезініп, жағалауға өздігінен жете алмаған. Үстінде құтқару кеудешесі, ал қайықта су соруға арналған ыдыс болмаған.
Құтқару операциясы сағат 11:00-де сәтті аяқталып, құтқарушылар 1991 жылы туған азаматты жағаға шығарып алды. Құтқарылған адам жедел-жәрдем бригадасына тапсырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!