Бірінші май аудандық сотында "75-тің ісі" бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр. Бұл іс бойынша айыпталушылардың бірі - Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сотталушылар орындығында экс-бас прокурор Құрманқұл Зулушев, Парламенттің бұрынғы спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы және басқа да айыпталушылар бар.
Kaktus.media мәліметінше, сот жарыссөзі барысында айыптау тарапының өкілдері барлық айыпталушының әрқайсына тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Қазір сотта тараптардың жарыссөзі жалғасып жатыр.
Бұған дейін адвокат Икрамидин Айтқұлов Қамшыбек Тәшиевке Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің мына баптары бойынша айып тағылғанын айтқан болатын:
Еске салайық, ақпанда 75 адам Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Жоғарғы кеңес төрағасына мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы үндеу жолдаған.
Ал 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз