Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев елден ұшып кетті. Бұл туралы "Өңір" телеарнасының директоры Откурбек Рахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі kaktus.media-ға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Қамшыбек Тәшиев Қырғызстаннан уақытша ұшып кеткен. Десе де уақыты мен себебі көрсетілмеген.
Тәшиевке қатысты жағдай
Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланды. Қамшыбек Тәшиев Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне 2020 жылғы 16 қазанда тағайындалған.
Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев Еуропада емделіп жатқаны да айтылды.
Кейінірек Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиев қызметінен кеткеннен кейін жеке кездескенін мәлімдеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова