Қамшыбек Тәшиев Еуропа асқан - БАҚ

Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев Еуропада емделіп жатыр. Бұл туралы дереккөзге сүйенген Kaktus.media жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, Қамшыбек Тәшиев бірнеше күн бұрын Қырғызстаннан Германияға емделуге кеткен.

"Алдын ала мәлімет бойынша ол жүрек ауруына шағымданған", - деп жазылған басылым мәліметінде.

Еске салайық, бұған дейін Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланды. Қамшыбек Тәшиев Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне 2020 жылғы 16 қазанда тағайындалған. 

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті неліктен қызметінен босатқанын түсіндірді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!