Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалында 92 келіден жоғары салмақта өзбекстандық Баходир Жалоловпен жұдырықтасты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Жекпе-жек 5:0 есебімен төрешілердің бірауыздан шешімімен Жалоловтың жеңісімен аяқталды.
2019 жылға дейін Қоңқабаев жеке кездесулерде 3:1 есебімен алға шықты, бірақ одан кейін Жалолов қатарынан бес жекпе-жекте жеңіске жетті.
Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін), Дулат Бекбауов (67 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) 1/2-ге дейін жеткен болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!