Кәмшат Жолдыбаеваның ұзатылғанын сіңлісі растады

Кәмшат Жолдыбаеваның ұзатылғанын сіңлісі Алтынай Жолдыбаева инстаграм парақшасында растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алтынай әпкесі Кәмшат Жолдыбаевамен және Ғазірет Қажымұқанұлымен түскен суретін жариялап, оқырмандарын қуантты.

"Сіздер көптен күткен сурет", - деп жазды Алтынай Жолдыбаева өзінің инстаграм парақшасында.

Бұған дейін әлеуметтік желіде әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваның ұзату тойынан кадрлар пайда болған болатын. Алайда бұл туралы әнші де, актер де хабарламады.