Қырғызстанның Шу ауданы Искра ауылында 27 қарашада мектеп оқушылары кәмпит пен тәтті спрейден уланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шу облысы ІІБ-нің мәліметінше, 27 қарашада Тоқмок қалалық ауруханасына Искра ауылының кәмелетке толмаған 12 бала (2012, 2009, 2008 ж.т.) тамақтан улану диагнозымен түскен. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, барлығы үйлеріне шығарылды. Бұл дерек тіркеліп, тергеуалды тексеру басталды.
"12 жастағы 7-сынып оқушысы мектептегі сыныптастарына Искра ауылындағы қоқыс полигонынан бір қап BEN 10 кәмпиттері мен бөтелкедегі тәтті спрей тауып алған. Артынша балалар тәттілерден уланған. Өнімдер тәркіленіп, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қазір мектеп оқушыларының жағдайы тұрақты деп бағаланды", - делінген хабарламада.
Бала тамақтан уланған кезде қандай алғашқы көмек көрсету керек?
Әдетте, іштің ауыруы, құсу, іш өту 1-2 күнде кетеді, алайда кейде 1 апта бойы іш өтуі мүмкін. Содан соң бала белсенді бола түсіп, көңілденеді. Бұл баланың жазылып келе жатқанын көрсетеді. Жұқпалы гастроэнтериттердің 99 пайызы үйде емделеді және ауруханаға жатуды қажет етпейді. Бірақ ата-ана дәрігермен күмәнді белгілерді талқылау үшін онымен байланыста болуы керек.
Басты қауіп - ағзаның сусыздануы, сондықтан ата-ана үйде баланың су ішуін қадағалау керек.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!