Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Камерундағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулының көмегімен аталған африкалық елден Қазақстан азаматын экстрадициялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол 2017-2019 жылдары жалған шот-фактураларды пайдалану жолымен 720 миллион теңге сомасынан астам салықтар төлеуден жалтарған.
Күдікті қылмысты жасағаннан кейін тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.
"Ол 2023 жылғы маусымда Камерун Республикасының аумағында ұсталғандықтан, Бас прокуратура оны беру туралы сұрау жолдаған. Қазақстан мен Камерун арасында ұстап беру туралы шарттың болмауына қарамастан, камерун тарабы ол сұрауды қанағаттандырды", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!