Павлодарда 5-сыныпта оқитын қыздар көпқабатты үйлердің домофонына қоңырау шалып, тұрғындарды домофон арқылы балағаттаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері 6 наурызда сағат 20:00 шамасында кәмелетке толмаған қыздардың Павлодардағы Қайырбаев көшесіндегі 86-үй тұрғындарының біріне домофон арқылы қоңырау шалып, "кім" деген сұраққа балағат сөздер айта жөнелген. Олар бейнебақылау камерасын көрмеген.
Ведомство мәліметінше, 5-сынып оқушылары анықталған.
Полиция өкілдері кәмелетке толмағандар 11 жаста, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылатын жасқа жетпегенін айтты.
Балалармен және ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!