Әлеуметтік желіде Ақсу қаласының "Асыл бөбек" арнайы балабақшасында баланы ұрып жатқаны туралы шағым пайда болды. Хабарламаның авторы камералардың жұмыс істемегендіктен, балабақшада баланы кім ұрғаны анықталмағанын жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық білім беру бөлімінде камералардың жұмысында ақаулар шыққанын растады. Бейнебақылау камераларында шамадан тыс кернеуге байланысты ақаулар пайда болды.
"Ақаулар уақытылы жойылды және оны растайтын құжаттар бар. Қазір барлық бейнебақылау камералар жұмыс істейді", - деді бөлім басшысы Қайрат Смағұлов.
Тергеу жұмыстарын Ақсу қаласының полиция қызмектерлері де жүргізген. Олар балабақша тәрбиешісіне қатысты "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша әкімшілік материал қозғады, алайда ұрып-соғу фактісі расталмаған.
Сондай-ақ балабақша басшының міндетін атқарушы да жазаланды. Қалалық білім беру бөлімінің бұйрығымен бейнебақылау камераларының жұмысындағы ақаулар үшін оған сөгіс жарияланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!