Кәмелетке толмағанмен жыныстық қатынасқа түскен қылмыскер Ресейде ұсталды

Іздеуде жүрген қылмыскер Ресейде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Новосибирск қаласында Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы бойынша кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсіп, сексуал сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 25 жастағы ер адам ұсталды.

Қазір ол қамауда. Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!