Кәмелетке толмағандар арасындағы топтық төбелес: Ақтөбе облысында жасөспірім қаза тапты

Ақтөбе облысында жасөспірім пышақ жарақатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шалқарда 20 наурызға қараған түні топтық төбелес болған. Оқиға салдарынан 17 жастағы жасөспірім қаза тапқан.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті мәліметінше, төбелес кәмелетке толмағандар арасында болған.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысқандар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олардың әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы бақылауда. Кінәлілер заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады", - деді өңір полициясы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз