Өзбекстанда кәмелетке толмаған қыз әлеуметтік желілерде тыйым салынған аудио таратқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған қыздың ұялы телефонынан Өзбекстанда тыйым салынған ұйымдардың бірінің идеяларын насихаттайтын экстремистік аудио тапқан.
Сотталушының айтуынша, ол Қылмыстық кодексте діни-экстремистік мазмұндағы материалдарды сақтағаны және таратқаны үшін жазаны қарастыратын баптың барын білмеген. Сонымен қатар, оның айғақтарына сәйкес, тыйым салынған материалдар табылған телефон оның қазір Ресейде жұмыс істеп жүрген ағасына тиесілі болған.
Сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің тиіс баптары бойынша кінәлі деп танып, оған тұрғылықты жерінен шығуға тыйым салып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!