Кез келген көлік құралы адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сол себепті заң бойынша оларды басқару үшін тиісті құжат қажет. Алайда, ата-аналар кәмелетке толмаған балаларға "рөлде" отыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жиі кездеседі. Бұл кезде ата-аналарға қандай қауіп төнеді? Қанша теңге айыппұл арқалайды? Бұл туралы Tengri Life-ке берген сұхбатында адвокат Надежда Гельдт айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Яғни, ата – аналар балаларына көлік тізгінін берсе (жүргізуді үйрену жағдайларын қоспағанда), онда олар жауапкершілікке тартылады", - деп түсіндірді "Право Знать" телеграм-арнасының авторы.
Бұдан басқа, ата-аналарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша іс қозғалуы мүмкін.
Осы бапқа сәйкес ата-аналарға 10 АЕК (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы ықтимал. Егер іс-әрекет бір жыл ішінде қайталар болса, онда оларды 15 АЕК (51 750 теңге) мөлшерінде айыппұл не 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылады.
Жалпы алғанда ата-аналар екі бап бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.
"Егер кәмелетке толмаған бала көлікті басқару кезінде апатқа ұшыраса, соның салдарынан зардап шеккен адам жарақат алса немесе апат адамның өліміне әкеп соқтырса, онда басқаруды тапсырған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескеріңіз", – деп қорытындылады маман.
Ең дұрыс шешім балаңызға темір тұлпарыңызды сеніп тапсыруға болмайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!