Камчаткада сейсмикалық белсенділік төмендемей тұр. Кейінгі бір тәулікте магнитудасы 3 пен 6 аралығындағы 146 афтершок тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтағы 5 жанартаудың төртеуі атқылап жатыр. Бүгін Ключев шоқысынан көкке көтерілген күл мен түтін 9 шақырым биіктікке дейін жеткен.
Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті тұрғындар мен туристерге абай болуға кеңес берді. Өткен сәрсенбіде Камчаткада 1952 жылдан бері алғаш рет 8,8 балдық жер сілкінісі болды.
Зілзаладан кейін Ресей, Жапония және Солтүстік және Оңтүстік Америка жағалауларында цунами қаупі жарияланды. Солтүстік Куриль аралдарында төтенше жағдай енгізілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек