20 шілдеде Камчатка жағалауында магнитудасы 7,4 болатын жойқын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жоғары магнитудалы жер сілкінісі Тынық мұхитта, Ресейдегі Комсомольск-на-Амур қаласынан (халқы – 275 000 адам) шығысқа қарай 1641 шақырым жерде және Петропавловск-Камчатский қаласынан (187 000 адам) шығысқа қарай 136 шақырым жерде, жергілікті уақытпен сағат 16:49-да (Астана уақытымен 12:49-да) тіркелген.
Бұл қалалардың тұрғындары жер асты дүмпулерін сезген. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді.
Жер сілкінісінен кейін бірнеше дүмпу болған. Ең төменгі магнитудасы – 6 балл.
Сонымен қатар, Тынық мұхиты цунамиден қорғау орталығы Камчатка түбегінде бірнеше жер сілкінісінен кейін цунамидің болуы мүмкін екені туралы ескерту жариялады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек