- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тергеу изоляторы баға қымбатшылық
Қамауда отырған қазақстандық тергеу изоляторындағы қымбатшылыққа шағымданды
Сотталушы тергеу изоляторындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сотталушы Сауда комитетінің Қостанайдағы департаментіне тергеу изоляторындағы дүкенде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбат сатылып жатқанына шағым қалдырған.
Бұл дерек бойынша өңірлік департамент ҚР ІІМ ҚАЖК №76 мекемесіндегі кәсіпкерге жоспардан тыс тексеріс ашты.
Тексеріс кезінде кәсіпкер азық-түлік тізбесіне кіретін пиязды сатып алынған бағадан 30 пайызға қымбат, яғни 160 теңгеден сатқаны анықталды.
"Сауда қызметін реттеу туралы ҚР заңының 9-бабын бұзғаны үшін (ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесін асырғаны үшін) кәсіпкер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР Кодексінің 204-4-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту берілді", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова