- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қалыңмалы - 53...
"Қалыңмалы - 53 мың теңге". Желіде Иран қазақтарының қыз ұзату тойының видеосы тарады
Желіде Иран қазақтарының қыз ұзату тойының видеосы тарады. Бейнені Бекарыс Қошқарбай өзінің парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қалыңмал 5.000.000 Иран риалы. Теңгеге шаққанда 53.000 теңге екен. Тілін, дінін, салт-дәстүрін сақтаған шалғайдағы қазақтар", - деп жазылған видео астында.
View this post on Instagram
Бұған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған, арасында видеоға тамсанғандар да табылды.
"Ұйғыр ұлтына ұқсас болып кеткен бе, меніңше таза қазақтар емес-ау", "Ой қойыңдар, Иран қазақтарын мақтамай, олар баяғы заманда тау асып кеткендер гой", "Мұздақ, жатақ үй. Мойындайық халқым бұлар мықты, қыздардың көздерінде инабаттық пен тәрбие бар, біз қыздарымызды еркін ұстаймыз деп көрінгенге қор болып жүр", "Иранның нақ ортасында отырып, қазақтар нағыз қазақтың ұлттық нақышын жоғалтпай-ақ, жаулықтарын сақтап отыр. Ал, Қазақстанда қазақтар қара жамылып, тұмшаланып өздерімен өздері әуре", "Қарап көзің тояды екен. Жастар бақытты болсын!", "Қыз берген ұтылады екен, қызымен қосып бәрін беріпті", "Біздің ауданда тұрады Ираннан көшіп келгендер, тура осы. Өзім ойымша үлгі алатын түк жоқ", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда қайда және қашан ядролық жарылыстар болды?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә