Қалыңдық көйлегін киген Дариға Бадықова жаңалығын бөлісті

Қалыңдық көйлегін киген Дариға Бадықова жаңалығын бөлісті
Фото: әлеуметтік желідегі видеодан скриншот

Танымал қазақстандық актриса Дариға Бадықова қалыңдық көйлегін киіп, Ыстамбұлда "күйеу жігітімен" түсірілім жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актрисаның жанында сахнада бірге ән айтып, фильмге бірге түсіп жүрген Олжас Абай да бар. Ол қара кәстөм киіп, екеуі әлеуметтік желіде жариялаған суреттер мен видео желі қолданушыларын алаңдатып қойды. 

Түркиядан контент жариялаған актриса әлеуметтік желідегі парақшасында: "Бұл өмір таңғалдыруын қоймайтыны несі?", – деп жазған.

Ал Олжас Абай: "Не болды, ал?", – деген жазба қалдырды. 

Желі қолданушылары бұған дейін де Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың кинода да, сахнада да ерекше жарасатынын жазатын еді. Жаңа жазбаға пікір қалдырудан да қалыспады. 

"Осы екеуі түбі үйленіп тынады-ау", "Жар-жар айтамыз ба?", "Екеуі АХАТ бөлімінен бір-ақ шығатын шығар", – деп жазып жатыр желі қолданушылары. 

Айта кетейік, екеуі "Таптым-ау сені" фильмінде ғашықтардың рөлін сомдап, саундтрек те бірге орындаған еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Олжас Абай (@ochooou_official)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева