- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ауа райының қолайсыздығы
Қалың қардың салдарынан бірқатар аймақта жолдар жабылды

Түнде күтілетін қалың қардың түсуіне байланысты екі облыста Жезқазған - Петропавловск тасжолының учаскелері бойынша көлік қозғалысы шектелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат 2025 жылғы 28 қаңтар сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты Жезқазған - Петропавловск автожолының 377-440 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қостанай облысы шекарасынан қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 29 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат 2025 жылғы 28 қаңтар сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты Жезқазған - Петропавловск автожолының 339-377 шақырым аралығындағы учаскесінде (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 29 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Еске салайық, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова