Қалың қар, тұман: синоптиктер елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер ертең, 28 желтоқсанда Қазақстанның 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. 

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ, тұман.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, күндіз бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, күндіз бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с болады. 

Ақмола облысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жолдардағы көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман. Батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман.

Шымкентте түнде және таңертең тұман.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, бұрқасын. Батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз