- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы
Қалың қар, көктайғақ, жел: 8 қаңтарда бірнеше өңірде ескерту жасалды
Синоптиктердің болжамына қарағанда, ертең, 8 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі және екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада түнде кей уақыттарда қалың қар жауады. Бұрқасын, күндіз жаяу бұрқасын, солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын соғады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қар мол түседі, бұрқасын. Облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 23 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақыттарда 25 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында жаяу бұрқасын. Облыстың шығысында тұман. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысында бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с-ке дейін жетеді.
Алматыда түнде кей уақытта қалың қар жауады. Кей уақытта тұман, көктайғақ болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан